Оразалы Сәбден: Әрбір туылған балаға 10 мың доллардан берілу керек

Oinet.kz 24-01-2026 41

Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысында Қазақстан ғалымдар одағының төрағасы Оразалы Сәбден әр дүниеге келген нәрестеге 10 мың доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетуге болады деді. Бұл қаражатты қайтарылған активтер есебінен бөлу мүмкіндігін ұсынып, 162 байдың қоғам алдындағы жауапкершілігіне назар аударып, олардың патриоттық ұстанымын нақты істер арқылы көрсететін кез келгенін жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

99d64b3e9cb132a7b79ad39a2333125b.jpg

"Халықтың саны және сапасы туралы мемлекеттік бағдарлама керек. Екеуін қатар алып жүру керек. Оның тетіктері көп. Мысалы әр туатын нәрестеге 10 мың доллардан беруге болады. Онсыз болмайды қазір. Депутаттар, бюджетке қол салмайық. Қазір жағдай онсыз да шытынап тұр. Президент айтқан 162 байларымыз бар. Елдің арқасында байығандар жетіп жатыр. Оларды патриоттық сезімге қашан шақырамыз?" - дейді ғалым. 

Қазақстанда Вице-президентке қандай өкілеттік берілетіні белгілі болды
Халық кеңесінің бірқатар функциясын Конституцияда бекіту ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу