Тоқаев Қариннен кешірім сұрап залды ду күлдірді (видео)
Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын тарқату керектігін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

...Сонымен қатар қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымдардың бір бөлігін, сондай-ақ мемлекеттік кеңесші лауазымын тарату көзделіп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сөз барысында. Осы кезде Тоқаев жанында отырған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге бұрылып: "Sorry,sorry" деп ағылшын тілінде кешірім сұрады. Бұған залда отырған құрылтай мүшелері ду күлді.
Видеоның сілтемесі осында.


