Тоқаев Шымкентте қаза тапқан Нұрайдың оқиғасына байланысты пікір білдірді
Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Шымкент қаласында Нұрай есімді жас қыздың қаза табуына байланысты болған жуырдағы қайғылы оқиғаға назар аударды. Президент бұл дерек бойынша 100-ден астам өтініш түскенін атап өтті. деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

"Біздің мемлекетіміз құқық пен бостандыққа, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне негізделген. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елдің назарын аудартты. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш түсті. Тексеру барысында күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей қоқан-лоқы жасағаны анықталды, және бұл жағдай ақыры адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің ісіне құқықтық баға беруді тапсырды, ал Бас прокуратура бұл мәселені мұқият тексеріп жатыр», – деді президент", – деді Мемлекет басшысы.
11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай пышақ жарақатынан қаза тапты. Полиция адам өлтіру фактісін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті – марқұмның танысы, ол қамауға алынды.


