Ұлттық құрылтайда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін қорғайтын заңға өзгеріс енгізу мәселесі қозғалды

Oinet.kz 20-01-2026 45

Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының директоры Қарлығаш Жаманқұлова БАҚ құралдарына қатысты заң жобасын өзгертуді ұсынды.

702666.jpg

«Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауыңызды сұраймын. Қазіргі таңда сырттан келетін ақпарат көлемі күн сайын артып келеді, ал адамның оны толық түсініп, сараптау мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан қоғамдағы оқиғалардың нарративін өзіміз айқындай алуымыз қажет. Түсіндіру логикасын өзгелер емес, өзіміз белгілеуіміз маңызды. Сонымен қатар медиасауаттылықты жүйелі түрде күшейту қажет. Медиасауаттылық – қоғамды сыртқы ақпараттық манипуляциялар мен қауіп-қатерлерден қорғаудың тиімді құралы. Медиа сауаты бар азамат әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа тәуелді болмайды. Шынайы әрі сапалы ақпаратқа деген сұраныс азайған жоқ. Отандық БАҚ бірқатар қиындықтарға қарамастан өз жұмысын абыроймен жалғастырып келеді. Осы орайда, Президент мырза, БАҚ-ты қолдауыңызды сұраймын» - деді Қарлығаш Жаманқұлова.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоғамдық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова қоспалаталы жүйеден бір палаталы модельге көшу мәселесі аясында партиялық тізімдердегі әйелдер квотасын сақтап қалу жөнінде жеке өтініш білдірді.

«Партиялық-саяси жүйе аясында тиісті заңнамалық реттеу қажеттігін өзіңіз де ұсындыңыз. Әйелдердің заң шығарушы органдардағы тұрақты қатысуы қабылданатын шешімдердің сапасын арттырып, күн тәртібін кеңейтеді. Осыған байланысты 2022 жылы Сіздің (президент- автор) бастамаңызбен қолға алынған саяси жүйені жаңарту қағидаттарының сабақтастығы мен институционалдық нығаюы аясында әйелдер квотасын 30 пайыз деңгейінде норма ретінде сақтауды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 158-бабы журналистердің құқықтарын толық көлемде қорғай алмай отыр. Осыған байланысты құқық бұзудың бір бөлігін әкімшілік жауапкершілік санатына көшіруді ұсынамыз. Бұл журналистердің кәсіби қызметін неғұрлым тиімді қорғауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ұлттық экономика министрі елде жалақының көтерілмеу себебін түсіндірді
Тоқаев дүйім жұрттың көзінше Нәлібаевты мақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу