«1 миллион теңге»: Маңғыстауда ер адам қызды интимді суреттерімен бопсалап, ақша талап еткен

Oinet.kz 19-01-2026 137

Маңғыстау облысында 26 жасар қыз өзін интимдік суреттерімен бопсалап жүрген күдікті адамның барын айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.png

Polisia.kz порталының мәліметінше, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.

“Күдікті 17 қаңтарда WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді”, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Бұған дейін Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталған еді. 

«Негізінен бұл – жаңа Конституция» — Тоқаев жұмыс тобының ұсыныстары туралы
Медициналық сақтандыру қорынан 26 млрд теңге қолды болды – Біртанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу