Түркістан облысында емхана басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Oinet.kz 16-01-2026 336

Түркістан облысында емхана басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, – деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 Screenshot_3.jpg

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақша бопсалау фактісінің жолын кесті. Нақтырақ айтсақ, Келес ауданында полиция қызметкерлері 32 жастағы ақша бопсалаған блогерді ұстады. Ол медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделін түсіретін сипаттағы материалдарды таратпағаны үшін миллион теңге көлемінде қаражат талап еткен. Белгілі болғандай, күдікке ілінген жұмыссыз жергілікті тұрғын блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен. 

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қазақстанның алғашқы Бас мүфтиі қайтыс болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу