"Ұяттан басымды көтере алмаймын" - әкесін ұрып өлтірген ұл

Oinet.kz 14-01-2026 72

Түркістан облысында өз әкесін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Алмас Садақбаевқа сотта 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. 

Screenshot_1.jpg

Сотта ауыр қылмыстық іс бойынша жарыссөздер өтті. Өз әкесін аса қатыгездікпен ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындап, сотта жылап, кешірім сұрады.

“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.

Оның адвокаты да соттан қатаң жаза қолданбауды өтінді. Мемлекеттік айыптаушы Алмас Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды сұрады. Үкім ертең, 15 қаңтарда жарияланады.

АҚШ-тың негізгі нысанасы - Қытай
Бектенов министрлердің жұмысын қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу