Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Oinet.kz 14-01-2026 47

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

K9yXSusvIXtmGRZK3b5gTkF2nCSQdyteIUHs220N.jpg

Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Оның құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Тәкиев, сондай-ақ, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірген.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техника университетін тәмамдады

Казиноны жарнамалаған Қайсар Қамзаның мал-мүлкі бұғатталды
КАК ПРЕДОТВРАТИТЬ ОТРАВЛЕНИЕ УГАРНЫМ ГАЗОМ!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу