«Жоқ» деген сөзді түсінбеген: Шымкентте қатыгездікпен өлтірген қыздың ағасы жазба жариялады

Oinet.kz 13-01-2026 54

Сұлтан Серікбай есімді азамат Шымкентте кісі қолынан көз жұмған қарындасының қазасына қайғырып әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.png

Ол қолдау көрсетіп жатқан жандарға рақметін айтты. 

«Қазір біздің қолымыздан тек сол адамға ең ұзақ жаза мерзімін сұрау ғана келеді. Қысқаша айтқанда, менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан оны барынша басынған. «Жоқ» деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған», - деп жазды ол. 

Сұлтан Серікбай сот процесі әділ өтеді деп сенеді.

Айта кетейік, қызды пышақтап өлтірген жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторынп қамалды. 

Атырауда мәйіті табылған ерлі-зайыптының денелерінде пышақ жарақаттары болған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу