СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, екі адам мерт болды

Oinet.kz 12-01-2026 102

СҚО-да жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды. Бір баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. 

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үйдің толықтай жанып, қирағанын көрді. 

Өртті сөндіру және үйінділерді тазалау барысында бір ер адам мен баланың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта екінші баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде.

850 млн теңге қайда кетті?: Астанада жедел жәрдем қызметінде ірі ұрлық әшкереленді
Шымкентте бозбалаларды әскерге күштеп әкетіп, соққыға жығатыны жайлы ақпара тарады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу