Шымкентте мұнай ұрлағандар ұсталды

Oinet.kz 09-01-2026 68

Шымкент қаласында мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз айналымға шығару фактісі анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

мұн.jpg

Ведомствоның ақпаратынша, 7 қаңтар күні жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жанар-жағармай материалдарын жасырын түрде шығарып, сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түскен. Тергеу барысында заңсыз схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері де қатысқаны белгілі болды. Олар қала тұрғындарымен алдын ала сөз байласқан.

Полиция дерегінше, ұрланған отын қылмыстық топ ұйымдастырушыларына тиесілі бірнеше база аумағында сақталып, кейін сатылған. Заңсыз қаржы айналымының көлемі 1 миллиард теңгеден асқаны анықталды.

Тінту кезінде ірі көлемде қолма-қол ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдауға арналған арнайы жабдықтар, сондай-ақ бірнеше автоцистерна тәркіленген.

Қазіргі таңда барлық күдіктілер ұсталып, оларға қатысты аса ірі көлемде ұрлық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Демалыста күн суытады
Қайырымдылыққа ақша жинағандар сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу