Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Oinet.kz 13-11-2025 32

Ағымдағы жылы 13 қарашада Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Screenshot_1.jpg

Бұл ретте, Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының орынбасары құрылыс нысандарын сатып алу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны анықталып, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Түркістан облысының Жер қатынастары, Мемлекеттік сатып алу, Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы  басшыларының есептері тыңдалды.

Нәтижесінде, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А. Наурызбаев мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруды тапсырды. 

Сонымен қатар, Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы бұзушылықты болдырмау және мемлекеттік қызметтегі шектеулерді түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Асхат Тағыберген Ғабит Сыздықбековтың сынынан кейін Шымкентте қалғысы келмегенін айтты
«Арсыз дүниелердің ықпалына қарсымыз». Алматыда ЛГБТ насихатына қарсы заң талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу