Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін

Oinet.kz 07-11-2025 127

Screenshot_4.jpg

– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты. 

Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады. 

Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді.

Қазіргі геосаяси жағдайда мемлекеттердің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі халықаралық серіктестіктің деңгейімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуы – елдің сыртқы саясатындағы ең маңызды бағыттардың бірі. АҚШ – әлемдік экономика, технология, қауіпсіздік және инновация салаларында жетекші рөл атқаратын мемлекет. Сондықтан бұл әріптестік Қазақстанға тек экономикалық пайда ғана емес, көпвекторлы саясатқа сай жан-жақты даму мүмкіндігін береді.

Ең алдымен, АҚШ Қазақстанның саяси-экономикалық тұрақтылығын қолдайтын негізгі халықаралық серіктестердің бірі. Екі ел арасындағы 30 жылдан астам ынтымақтастық кезеңінде инвестициялық және экономикалық байланыстар айтарлықтай тереңдеді. АҚШ – Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің қатарында. Мұнай-газ, энергетика, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар салаларындағы жобалар елдің экономикалық өсіміне елеулі үлес қосып келеді. Бұл серіктестікті нығайту инвестиция көлемін арттырып қана қоймай, экономиканы әртараптандыруға да көмектеседі.

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу