Тоқтар Әубәкіров суға батып жатқан баланы құтқарып қалды
Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Тоқтар Әубәкіров суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 мамыр күні сағат 17.00 шамасында «Ақжол» демалыс орталығында болған.
Қызметтен тыс, сенбі күні отбасымен демалыс орнында болған Тоқтар Әубәкіров ата-анасының қарауынсыз қалған баланың суға тұншығып, батып бара жатқанын көріп, жедел әрекет еткен.
— Соның нәтижесінде 2019 жылғы бүлдіршін аман қалды. Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин Т.Әубәкіровті алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті, — деп хабарлады ведомстводан.