Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды

Oinet.kz 19-05-2025 248

Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан Scat әуекомпаниясының жолаушының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тішісі КазТАГ сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан тұрғын Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова болып шықты.

"Ақмарал апа, бұған сене алар емеспін! Қалай?! Бүгін Египетте анамның жақын досы, менің кіндік шешем өмірден озды. Оқиғаны жаңалықтардан білесіздер", – деп хабарлады журналист Әнуар Шалекенов.

Шарм-эль-Шейх әуежайындағы қайғылы жағдай: Зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі

Ол Мұқанованың ұзақ жылдар ішкі істер органдарында жұмыс істегенін, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Астанада тұрғанын айтты.

"Ол мейірімді жан еді", – деп атап өтті Шәлекенов.

Айта кетейік, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан қазақстандық әйел көз жұмды. 

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат рас па? - Басылым жауап берді
Ер адам әйелінің денесін көрпеге орап, екі ай бойы көлігінің жүк салғышында сақтаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу