«Отбасымен бірге қашып кеткен»: Жамбылдағы жағармай бекетінде мотоциклшіге қастандық жасалды (ВИДЕО)
Жамбыл облысында жанармай бекетінде мотоциклшіні пышақтап кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, оқиға өткен демалыста Шымкентте өткен мотомаусымның ашылуынан кейін қайтып келе жатқанда болған.
Мотоциклші жанармай құю үшін Мерке ауданындағы бекетке тоқтаған. Сол жерде белгісіз біреу оны екі рет пышақтап, отбасымен бірге минивэнге мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қуанышқа қарай, жедел жәрдем жедел жетіп, жараланған адамды Меркедегі ауруханаға жеткізді. Қақтығысқа бекет кассасының жанында болған жанжал себеп болуы мүмкін.
Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.