«Бишімбаевпен бірге оқыған»: Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген адамға үкім шықты
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген Асқар Тастандиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Прокурор соттан айыпталуышыға 24 жыл тағайындауды сұраған, ал жәбірленуші тарап өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті.
Сотталушыға екі бап бойынша, “асқан қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” және “жеке өмірге қол сұғу” баптарымен айып тағылған. Тергеудің мәліметінше, экс-депутаттың ұлы танысының интимдік видеоларын таратып жіберген.
Нәтижесінде сот айыпталушыны 22 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот жабық режимде өтті.
Іс бойынша күдікті Аскар Тастандиев. Ол – бұрынғы депутаттың ұлы. Аскар Тастандиев 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің баласы. Оның әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, Аскар Тастандиев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың курстасы.
"Оқырмандарым маған Аскар Тастандиев, күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінген азамат, Қуандық Бишімбаевпен бірге оқығанын жазуда. Олар Narxoz университетінде бір топта немесе бір курста оқыған", – деп жазады Михаил Козачков.
Ал Аскар Тастандиевтің өзі бизнеспен айналысқан. Ажырасқан, екі баласы бар. Күдікті өз тұратын тұрғын үй кешенінің тұрғындарына да тыныштық бермеген.
Қайғылы оқиға 2024 жылы 29 наурыз күні болды. Алматыдағы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Асқар Тастандиев өзінің жол талғамайтын көлігімен қақпаны қиратып, күзетшіні бірнеше рет басып өтіп, кейін көліктен шығып, ер адамды тепкілеп тастаған. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалған. Оқиғадан кейін күдікті 14-қабатқа көтеріліп, терезе алдына отырып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан, бірақ полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап үлгерді.
Көршілердің айтуынша, күзетші мас күйдегі Тастандиевті көлікпен кешеннен шығармауға тырысқан. Олардың айтуынша, ер адамның ата-анасы күзетшіден баласын бақылауды, сыртқа шығармауды жиі сұраған. Осы жағдай жанжалдың басталуына себеп болуы мүмкін.
Ауруханаға бара жатқан жолда күзетші Нұрбол есінен танып, медициналық мекемеге жеткенде көз жұмды. Диагноз бойынша, күзетшінің тамырлары үзілген, қабырғалары сынған, бір қабырғасы өкпесін тесіп өткен, аяғы жаншылған.
Күдікті дереу қамауға алынды. Алайда 13 қыркүйекте тергеу уақытша тоқтатылды, себебі Тастандиев психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Сол кезде қызмыскерді ақыл-есі дұрыс емес деп танып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деген сыбыстар тарай бастады. Алайда сараптама 45 жастағы күдіктінің психикалық тұрғыдан сау екенін және сот алдында жауап бере алатынын дәлелдеді. Кейіннен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды.