«Мыңнан астам оқушы қарап отырған»: Астанада 21 жасар жігіт мектеп оқушыларының көзінше сотталды

Oinet.kz 08-04-2025 2312

Астанада 21 жастағы ер адам есірткі сақтағаны үшін, жазаға тартылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Бұл «Заң мен тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өткен сот болған.

Бастаманы Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолға алған.

«Бастаманың мақсаты - жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу», - деп хабарлаған Астананың прокуратурасы.

Осылайша, бұл сот процессін 25 мектепте оқитын мыңнан астам оқушы онлайн қарап отырған. Яғни сот есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті оқушылардың көзінше 7 жылға соттаған.

«Отанына оралудан үмітті»: Ресей үшін соғысқан қазақстандықтар Украинада тұтқынға түсті
«Отбасымда қиындықтар болды»: Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған ер адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу