«Жансыз күйде табылған»: 34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті

Oinet.kz 16-03-2025 327

Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Report.az ақпараттық сайтына сілтеме жасап.Screenshot_2.jpg

1991 жылы туған ер адам өлмеген, тек комаға түскені анықталған.

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының 1991 жылғы тұрғыны өз үйінде жансыз күйде табылған. Оны бақилық болды деп таныған дәрігерлер Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізген. Алайда мекемеде оның тірі екенін, тек комаға түскенін анықтаған.

Ер адамды тез арада Дажилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

Оған "механикалық асфиксия" диагнозы қойылған. Қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ер адамның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр.

«Түнгі ауысымы тыныш өту үшін»: Медқызметкер 9 адамды дәрі-дәрмек арқылы өлтірген
Белгілі асханадағы сорпаға 2 жасөспірім зәр сындырып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу