«Бір жарым жасар сәбидің қолын шығарған»: Маңғыстаудағы балабақшада жантүршігерлік жағдай

Oinet.kz 07-02-2025 1221

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының жеке балабақшасында болған оқиғадан кейін тәрбиеші мен бала күтуші жұмыстан шығарылды. Бұған қоса тәрбиеші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Оқиға Басқұдық ауылындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Басылым мәліметінше, тәрбиеші 1 жас 6 айлық қыздың қолын қайырған, артынша медициналық көмек те көрсетпеген. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Венера Жансерікова мәлімдеген. Ал БАҚ-та тәрбиеші бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып жібергені айтылды.

Білім бөлімі өкілдері зардап шеккен қыздың ата-анасының өтініші бойынша "Жібек жолы" балабақшасындағы мән-жайды анықтау үшін оқиғаны зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын айтты.

"Комиссия балабақшада тексеріс жүргізді. Тәрбиеші мен бала күтуші жұмыстан шығарылды. Тәрбиеші ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді Білім басқармасының өкілі.

Қазір бала басқа балабақшаға баратыны белгілі болды.

Сержант сарбазды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген
Елордада Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» атты кітабының тұсаукесері өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу