Шымкентте жарты ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды
Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған Бәйдібек Ақмырзаұлының денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Мұны Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін Шымкентте 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы жоғалып кеткенін хабарлаған едік.
Ол кейінгі рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.
Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайда шығарып салған.
"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.
Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған.