Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 29-01-2025 20

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 2025 жылғы 26 қаңтарда Жаңаөзен қаласының Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен тұрғыны Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. 

Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталып жатыр.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді.


Қазгидромет“ Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Қоспаевтың қылмыстық тобына қатысты шыққан үкім жайлы толығырақ белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу