Атырау облысында олигархтардан қайтарылған 2 миллиард теңгеге мектеп бой көтергелі жатыр

Oinet.kz 25-11-2024 407

Үкімет Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 150 орындық мектептің құрылысына 2 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Мәліметтерге сенсек, қазір ауылда 60 орынға бейімделген ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана жұмыс істейді. 

Ата-аналары 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларды 60 шақырым қашықтағы Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан Сабыр Шәріпов атындағы мектеп-интернатқа апаруға мәжбүр. Жоғары сынып оқушылары көршілес елді мекендерге қатынап оқиды. 

Еске салайық, бұған дейін үкімет Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде олигархтардан қайтарылған 28 миллиард теңгеге аурухана салынатынын мәлімдеді. Мәліметтерге сенсек, жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Енді жобаны аяқтау үшін Қазақстан олигархтарынан қайтарылған активтер салынады. Үкіметтің дерегіне сенсек, жобаның құны – 34,8 миллиард теңге.

«Алматы, Қостанай, Жетісу»: Қазақстанның үш өңіріндегі түрмеде сотталушылар теракт жасамақ болған
Бывший тренер сборной Казахстана назвал лучшего игрока финала Кубка лиги и сказал, нужен ли этот тур
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу