Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 151 итбалықтың өлексесі табылды

Oinet.kz 28-10-2024 513

Маңғыстаулық фотограф Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында дауылдан кейін 150-ден аса итбалықтың өлекселері шығарылғанын жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

"Баутин ауылында соңғы дауылдардан кейін жағалауға қызыл кітапқа енген жүздеген итбалықтың өлексесі табылды. Қазіргі ғалымдар тек 151 итбалықтың денесін санады", – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, ғалымдар өлген итбалықтардың денесінде ауыр жарақаттар байқалған.

Итбалықтардың бұлай жаппай қырылу себебі әзірге нақтыланбай жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Топ-5 фигуристок России XXI века: Загитова не в тройке, а первая — не ученица Тутберидзе
«Бауыздап кеткен»: Петропавлда бизнесменнің отбасын өлтіргендерге сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу