«Басынан теуіп, есінен танып қалды»: Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін сабап тастады (видео)

Oinet.kz 21-09-2024 693

Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобустардың бірінде жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушісінің арасындағы төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_74.jpg

Видео авторының айтуынша, үш адам жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған. Мұны көрген жүргізуші автобусты тоқтатып, жанжалға араласып, ер адамдарды сабырға шақырған. Алайда біреуі автобусқа кірген жүргізушіні мойнынан қылқындырып, сыртқа алып шығып кетті. 

“Олар жүргізушінің басынан тепкен соң жүргізуші есінен танып қалды. Болған жағдайдан кейін олар қашып кетті. Жүргізуші есін жиған соң бетін жуып, адамдарды ары қарай алып кетті", – делінген жазбада.

Полиция болған жанжалға қатысты Жетісу ауданының полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

“Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталды. Сондай-ақ жанжалдың алдын ала мән-жайы белгілі болды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді полиция.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Almaty Sun-Times (@almaty.suntimes)

«Ыңырсыған дауыс шықты»: Алматы облысындағы жарылыс куәгерлері оқиға қалай болғанын айтты
МЕТТА компаниясы Sіt Air креслоларын таныстырды: Кеңсе креслоларындағы жайлылық стандарттары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу