«Күйеуім екен деп қалдым»: Ауыл әкімі терезеден кіріп бейтаныс әйелге қол жүгірткен

Oinet.kz 18-09-2024 1677

Оқиға Жетісу облысына қарасты Ақсу ауылдық округінде болған. Ауыл әкімі әйелдің үйіне түн ішінде терезеден кіріп, оның денесіне қол жүгірткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_33.jpg

Терезеден түсіп, іш киімін тартқан

Ауыл тұрғынының айтуынша оқиға түнгі екілер шамасында болған. Дәл сол түні әйелдің жанында екі және бес жастағы ұлдары ұйықтап жатқан. Ауыл әкімі үйдің ашық тұрған терезесінің торын еппен алып, ішке кірген.

“Жатыр едім іш киімімді астыға қарай тартты. Басында түсінбей қалдым ұйқылы-ояу жатыр едім. Бір уақытта қатты астыға қарай тартқан кезде бірден ояндым да басында күйеуім екен деп қалдым. “Жан, жан” деп басынан сипадым. Сол кезде миыма сақ ете қалды күйеуіммен сөйлескенім, оның Текеліде екені. Қарап едім дәу біреу пыс-пыс етіп перегармен отыр. Шошып кеттім. Жүгіріп бардым да светті жақтым. Қарап едім әкім жүгіріп шықты. Есікті аша алмай тұрды,” – дейді Ақсу тұрғыны.

Әйелдің сөзінше, кейін әкім есікті ашып қаша жөнелген. 

Соттағы сөзі

Ақсу тұрғыны болған оқиғаны құзырлы органдарға баяндап, сотта сөйлеген. Бірақ процестің әділ өтетініне күмән келтіреді. Сондықтан болған жайтты жұртшылыққа жайғанын айтады. 

“Екі жарым сағат сотта сөйледім. Болған жағдайды түсінідіріп айттым. Бірақ енді сот әділ болмайды деп ойлаймын. Төрт баланың анасымын. Ертеңгі күні бұл жағдай бұлай қалмасын деп сол үшін осындай қадамға барып отырмын. Ертеңгі күні бастықтар бұлай әйелдердің үйіне кіре берсе не болады? Мен тек шындықты айттым. Әділдікке қол жеткізгім келеді,”  дейді ол.  

Сот процесінің басталуы 

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жақында әкім мен оның сыбайласының ісі бойынша сот процесі басталды. Іс Ақсу аудандық сотында қаралады. Алайда жәбірленуші айып "тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу" бабы бойынша ғана қойылғанына наразы.

Сот баспасөз қызметінің түсіндірмесі 

Соттың баспасөз қызметі іс 2 қыркүйекте қабылданғанын, ал бірінші сот отырысы 9 қыркүйекте өткенін растады.

"Бүгін екінші отырыс өтіп жатыр", - деді ол. - Р. және К.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігі (тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша айыпталуда."

Жәбірленуші шенеуніктерге қатысты одан да ауыр айыптауларды күтеді. Ол әкім әрекеті арқылы моральдық зиян келтірді, жеке кеңістігімді басып кірді деп санайды.

Әйелдерді енді хиджабқа бола мазаламайды – Иранның жаңа президенті
Әскердегі әттеген-ай: Әлімжеттік қашан жойылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу