Түркістан облысында алаяқ әйел қойшыны алдап кеткен

Oinet.kz 18-09-2024 1230

Түркістан облысы Сайрам ауданының полицейлері қойшыны алдап, оның атына онлайн несие рәсімдеген күдікті әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Жәбірленуші бұл жағдайды банктен несиені төлеу туралы хабарлама келген кезде ғана білген. Ол кісі қойшы болып жұмыс істеген. Смартфонды қалай қолдану керек екенін түсінбей, ауруханада жолыққан бейтаныс әйелден көмек сұраған.

Келіншек кейбір қосымшаларды орнату үшін ер адамның жеке куәлігін сұрап, оның атынан мобильді қосымша арқылы несиеге сұраныс жіберген. Мақұлдау алғаннан кейін ақшаны өзіне аударып, тұрғынға бір миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Ал бейтаныс әйел ірі көлемдегі ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйел ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Лечение сахарного диабета за границей и замена сердечного клапана в Германии: современные медицински
«Байды құдай ұрарда – байлығына мас болар»: Ринат Зайытов бас прокурорға талап қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу