«Пәтер мен 5 млн теңге ұсынды»: Алматыда қаза тапқан сарбаздың анасы горнизондағылар ұсынғанын айтты

Oinet.kz 05-09-2024 1265

2022 жылы 10 тамызда Алматы облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз далалық оқу-жаттығу барысында қаза тапқан еді. Оқыс оқиға Жетіген кентіндегі 55/74 әскери бөлімінің оқу орталығында болған. Қатты дауыл тұрып, шатырлар қираған. Марқұммен бірге болған сарбаздар Алмас Шахимовтың өзгелерге көмектесіп жүріп ажал құшқанын айтқан еді. Дегенмен сарбаздың анасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda News YouTube-арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_9.jpg

Марқұмның анасы Индира Тоғанбаева баласының адам қолынан өлтірілгенін айтты. Оған баласының мәйітіне жасалған эксгумация дәлел дейді.

“Эксгумация нәтижесі оның кешкі жетіге дейін қаза болғанын дәлелдеді.  Боранның менің ұлымның қазасына қатысы жоқ. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Ұлым адам қолынан қаза тапты. Себебі ұлымның бас сүйегі сынып, денесі кесілген. Денесіне темекі басып, күйдіріп, тұншықтырған. Сондай-ақ олар ұлымның атынан несие рәсімдепті. Екі телефон, азық-түлік пен 80 мың теңге рәсімдеген. Ұлымның өзі бұл туралы білмеген. Маған банктен хабарласқан соң, Дмитрий Карпенкоға хабарласып, жағдайды сұрадым. Ол маған баламның соңына дейін әскери борышын өтемейтінін айтты. Расында ол айтқандай болды. Ұлым бар болғаны 2 ай 9 күн әскери борышын өтеді. Баламның өліміне несие себеп болды деп ойлаймын. Дмитрий Карпенко мен Шахназар деген адамнан күдіктенемін”, – деді марқұмның анасы. 

Индира Тоғанбаеваның сөзінше, әскердегі схема осылай. Олар үшін әскери борышын өтеуге келгендер банкомат болып кеткен дейді.

“Себебі олардың өздері 130-150 мың көлемінде жалақы алады. Бір әйел баласының әскерден миллионнан аса қарызбен келгенін айтты. Баласы әскерден келген соң ол несиенің бәрін өзі жауып беріпті. Менде балалары әскерде қаза тапқан ата-аналардың чаты бар. Онда 10 адам отырамыз. Бұл біз білетін 10 адам. Әйтпесе одан басқа баласын жоғалтқан қанша ата-ана бар”, – дейді әйел.  

Screenshot_10.jpg

Индира Тоғанбаеваның сөзінше, Алматы гарнизондағылар, прокурлар істі жабу үшін әйелге пәтер, ақша ұсыныпты. 

“Бастапқыда олар бізге пәтер, ақша ұсынды. Мен келіссем олар маған бәрін беруге дайын болды. Қызымды Қарағанды немесе Алматыдағы әскери академияға оқуға түсіреміз деді. Біз бәрінен бас тарттық. Мейлі 10 жыл өтсін, әділдікке жетпей қоймаймын. Балам түсіме кіріп: “ешкімге сенбеңіз, мені өлтірді” деп айтты. Сол түсті көрген соң, мені Алматыға шақырды. Оспанбеков өз кабинетіне шақырып, пәтер мен 5 миллион теңге ұсынды”, – дейді әйел. 

Screenshot_11.jpg

Сондай-ақ әйел горнизондағылар істі жабу үшін медаль ұсынғанын айтты. 

“Ұлыңа медаль береміз, елдің алдына шығып, ұлыңның ерлікпен қаза тапқанын айтып, сұхбат бер деді. Осылайша олар істі жылы жапқысы келді”, – дейді әйел. 

Әйелдің сөзінше, қазір істі Астанада қарап жатыр. Сараптама тағайындалды. Нәтижесін күтіп жүрміз дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда борышын өтеп жүрген сарбаздың құмды дауыл кезінде көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз оқу орталығында далалық жаттығуда болған кезде көз жұмған. Ведомство мәліметіне сәйкес, қатты жел салдарынан шатырдың темір жақтауы басына тиген.

Алматы қаласындағы дәл сол әскери бөлімде Ербаян Мұхтар есімді сарбаз да ауыр жарақат алып, комаға түскен. Оның да анасы әділдікті талап етіп отыр.

«Өзі үнемі ашуға булығып жүретін»: Комадан шыққан Нұржігіт өзін әскерде қалай қорлағанын айтып берді
Эпатаж и мастерство Златана Ибрагимовича на поле и вне его
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу