Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан материалдық шығын өндіру үшін жаңа арыз жазды

Oinet.kz 27-08-2024 3860

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

Азаматтық іс бойынша даудың нысанасы бойынша өз бетінше талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде марқұм Салтанаттың ата-анасы Амангелді және Жұмағұл Нүкеновтер тартылды.

Сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге тағайындалды.

Еске салайық, Салтанат Нүкенова 2023 жылы 9 қарашада айуандықпен өлтірілген болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында бұрынғы ұлттық экономика министрі кәдімгі әйелін "Аса жауыздықпен" өлтіріп, азаптағаны үшін 24 жылға сотталған еді. 26 маусымда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. Шілде айында Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторынан жазасын өтейтін түрмеге ауыстырылды.

«Адамардың үстінен арыз жазып, ақша алған»: Тұраровтың адвокаты Әнару жайлы деректермен бөлісті
Таразда әйел адам отбасылық жанжалдан кейін көпірден секіріп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу