Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың бәрі қаза тапты

Oinet.kz 26-08-2024 462

Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы жолаушылардың бәрі қаза болды, деп хабарлайы Oinet.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Шетелдік басылым мәліметінше, шағын ұшақ Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайынан көтерілгеннен кейін 11 минуттан соң құлаған. Бортта Гонконгтан келген бес турист және төрт экипаж мүшесі болған.

Ұшақ Чачоенг-Сао провинциясындағы лайлы суға құлаған. Құтқару тобы оқиға болған күні кешке ұшақтың сынықтарын тапты. Олар кейін батпақты аймақтан мәйіт қалдықтарын тапқанын хабарлады.

Әзірге апаттың себебі хабарланған жоқ.

«2 рет КАМАЗ-дың артына кіріп кетуге сәл қалды»: Белгілі блогер жолаушыларға ескерту жасады
Қызылордада сыныптастары қызды жезөзекшелікке салған: Тағы бірнеше адам қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу