«Ешкімді өлтірген емеспін»: Алматыда ер адам төрт жасөспірім мен әйелді соққыға жықты деп айыпталды

Oinet.kz 24-07-2024 1179

Әлеуметтік желіде алматылықтың бір топ жасөспіріммен жаға жыртысқан бейнежазбасы тарады. Зардап шеккен жігіттер мен бір әйел бастынан жарақат алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Hola.news порталына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Ер адам мен төрт жасөспірімнің жаға жыртысқан видеосы бейнекамераға түсіп қалған. Жәбірленушілердің айтуынша, төрт жігіттің бірінің атасы қайтыс болып, оған ас беру үшін танысынан ыдыс-аяқ алған екен. Алған заттарды апарып бермек болып, танысының үйіне барады, мініп келген көлікті сондағы аулалардың біріне қойып кеткен. Үй иесі шығып ауласында тұрған көлікті алып тастауын талап еткен. Дау осыдан басталса керек. 

Жәбірленуші тараптың айуынша, жанжал кезінде ыдыс-аяқты апарып берген танысы мен оның күйеуі екі баланы өз үйіне жасырмақ болған. Сол үшін таяқты бір ұшы ерлі-зайыптыға да тиген. Екі бала тағы бір көршіге көмек сұрап барғанда ол ер адам мен баласына болысып жасөспірімдерді таяқтаған. 

Зардап шеккен жасөспірімдер полицияға куәлік беру үшін барып жүрген көрінеді. Сондай-ақ олар айыпталушының полиция қызметкерлерімен байланысы барын айтады. Ал полиция өз кезегінде үш күдіктінің (ер адамды, оның баласы және көршісі) ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. 

Араға уақыт салып айыпталушы Мәлік Шефузов жанжалға не себеп болғанын және оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Ол төрт жігіттің Зоя есімді көршісіне ыдыс-аяғын жеткізіп беру үшін келгенін мойындады. Сондай-ақ ол көршісімен жақсы қарым-қатынаста емес екенін де атап өтті.

“Не себепті екені белгісіз, көлігін менің үйіме қарама-қарсы қойыпты. Видеодан көруге болады, көлікті қоямын десе орын жеткілікті еді. Олар 20 метр жерден үлкен қораптағы ыдыс-аяқты тасыды. Сәйкесінше, мен рупормен “Көліктеріңді сол жаққа қойсаңдар дұрыс болар еді. Өздеріңе жақын болады” деп ескерттім. Осылай 3-4 мәрте ескерту жасадым. Бірақ олар менің сөзіме құлақ аспады. Олар менің айтқанымды естімедік дейді. Мен дауыс жаңғыртшық құралмен бірнеше рет айттым. Сөйтіп қоршаудан шығып өздеріне бардым. Менің қолымда ол кезде ештеңе болмады. Мұның арты дауға ұласады деп ойламадым”, – дейді Мәлік Шефузов.

Жәбірленушілердің бірі ер адам үйінен шыққанда қолында тапанша мен газ баллоны бар деп куәлік берген көрінеді. Алайда айыпталушы көшеге шыққан кезде қолында ештеңе болмағанын, жанжалдасқысы келмегенін айтады. 

Screenshot_5.jpg

“Көліктің жанына барсам бір жігіт тұр екен. Оған көлікті өздеріңе жақын жерге қоймайсыңдар ма деп айттым. Ол мені балағаттап, жөніңе жүр деді. Дұрыстап сөйлес деп едім ол менің сол аяғымнан теуіп, газ баллонынан шашты. Біздің айқайымызды естіп қалған ұлым көшеге шықты. Сөйтсем төрт жігіт төбелеске дайындалып тұрды. Олар бізді осындай әрекет жасауға мәжбүрледі. Гүлмира деген әйелдің баласы менің басымнан ұрды, Камальді ұрды. Бірақ мен оған тиіскен жоқпын, үйге кіріп кеттім. Ары қарай болған жағдайға өздері итермеледі. Олар көлікті қоюға рұқсат сұраса мен қарсы болмас едім”, – дейді айыпталушы.

Мәлік Шефузов желіде тараған ақпараттың кесірінен өзінің және отбасының абыройны нұқсан келді деп алаңдаулы. 

“Біз жай ғана көлікті басқа жерге қой деп айттық. Қорғандық деп айтсақ болады. Болған жағдайдан соң біз ешкімнан жасырынып, қашқан жоқпыз. Әйелім кімге қандай көмек деп сұрады. Бізге басқаша, полиция қызметкерлеріне басқаша жауап берген. Желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Әйелді сабап, біреуді өлтірді деп маған жала жапты. Мен ешкімді өлтірген емеспін, әйелге қол көтерген жоқпын. Тағы бір айтатыным, менің полиция қызметкерлеріммен ешқандай байланысым жоқ”, – деп ақталды ол.

Айыпталушы өз сөзін “отбасыларыңызға амандық пен тыныштық тілеймін” деп аяқтады.

«Олар қанды жуып, кілемдерді жинай бастады»: Сот әйелінің бас сүйегін жарған айыптыны бостандыққа шы
Скачать Пин Ап кз на iOS: Пошаговый обзор процесса установки приложения
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу