Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды
Бүгін Тоқаев бірнеше заңнамалық актілерге қол қойды. Жаңа заң бойынша энергетикалық сусынды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң аясында өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын мақұлдады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.