«Ең болмаса артынан ыдыс-аяғы да келмеді»: Әйелін сабаған дипломат өз шындығын жайып салды

Oinet.kz 05-06-2024 2515

Әйелін сабады деген күдікке ілініп, қызметінен қуылған елшіліктің экс қызметкері Сәкен Мамаш оқиғаға қатысты өз шындығын айтты. Ол жұбайы Карина Мамаштың үйленген кезде, тіпті соңынан ыдыс-аяғы келмегенін жайып салды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш өз шындығын айтқан. Бұл туралы Кyn.kz жазды.

Жары Карина Мамаштың қолына айфон, өзі самсунг ұстап жүргенін айтқан дипломат келіншегінің жағдайын жасау былай тұрсын қайын жұртына да қарасып тұрғанын айтады. Тіпті қайын әпкесінің оқу ақысын да төлеп беріпті. 

«Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады, соған орай бірқатар мән-жайлардың басын ашайын. Екеуміз отбасы құрғалы не жеймін, не ішемін демеді, қалаған киімін алып беріп жүремін, шынын айтқанда менен де жақсы өмір сүрді. Отбасымда сен, мен, сенікі, менікі демедім, отбасым, жан жарым, біз, біздікі деп жүрдім. Себебі біз бірміз. Карина ұзатылғанда Қаржан ауылындағы бір-екі жеңгем «әй, қыздың жасауы, киімі деген болушы еді, ең болмаса ыдыс-аяқ келмеді артынан» дегенде, «мен мал мүлік емес, жан жарымды алып жатырмын, бұндай әңгімені қойыңыздар» деп, тоқтау салған едім»,-дейді ол.

«Рас айтамын, бұл - менің балаларым»: Орманнан табылған отбасыға қатысты жаңа дерек айтылды
«Халықтан қаражат жиылған жоқ»: Ырысбала Икрамбай тағы бір отбасыны қуантып, баспана алып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу