«Не болып барамыз, қазағым-ау?»: Астанадағы қоқыста жатқан бесік көпшілікті шошытты

Oinet.kz 04-06-2024 616

Әлеуметтік желіде қоқысқа тасталған бесіктің видеосы тарап кетті. Бұған қатысты көпшілік өз ойын жарыса жазуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

Видеоны qazplov1 есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 10 мыңға жуық лүпіл басылып, 3000-нан астам пікір жазылған.

"Бұрын әлеуметтік желіден осындай видеоларды көрсем, сенбейтін едім. Өкінішке орай, қазақтың бесігі қоқыста жатыр. Бестік бұлай тастап кете алмаймын. Үйімнің шатыры бар, соған апарып қояйыншы. Бұлай қоқыста жатпасыншы. Керек адамға берермін. Біздің тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғой мұны істеп отырған", - деп жазды видео авторы.

"Қайран үйдің төрінен орын бұйырмағаны өкінішті", "қаладағы шала мәңгүрт қазақтың істегені болса керек", "бесік киелі зат", "өте орынды, бақытты бол, бесік киелі", "дұрыс істедіңіз", "керемет, жарайсыз", "тастап кету түгілі, бесіктің бетін ашық қалдырмаған", "не болып барамыз, қазағым-ау" деп жазды желі қолданушылары.

«Анасы күдікке ілінді»: Семейде жолдан такси ұстап тұрып жоғалған қыздың денесі табылды
«Мысықты сойып, бізге етін береді»: Шымкентте жетім балаларды қорлаған емшінің видеосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу