«Кездесіп жүрген жігіті»: Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті

Oinet.kz 26-05-2024 2322

Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Astanovka.98 Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Алдын ала мәлімет бойынша қызды оның кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен. 

Полиция қазіргі таңда күдіктіні ұстаған. Оған “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғаған. 

“Жарақат алған оқушы қыз №2 көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың алдыңғы құрсақ бөлігінен көп жарақат алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда құрсақ бөлігіне ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты”, – деп жазды телеграм-арнада. 

Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған. 

Әйелін ұрып-соққан дипломат туралы жаңа ақпарат пайда болды
Как правильно выбрать онлайн-казино для игры в рулетку в Казахстане
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу