Алматыда оқушыны мектеп бітіру кешіне дайындауға қанша ақша кетеді?

Oinet.kz 23-05-2024 846

Алда мектеп бітіруші түлектерді салтанат кеші күтіп тұр. Осыған орай бозбала мен бойжеткендер салтанатты шараға киетін киімдерін де дайындап жатыр. Мassaget.kz тілшісі мектеп бітіру кешіне қанша ақша кетеді деген есеп жүргізіп, Алматыда сауда үйлерінің біріндегі бағаларды шолып көрді.

Screenshot_20.jpg

Мейрамхана

Түлектер бұл мерекелік кешке асқан ыждахаттылықпен дайындалады. Бүгінгі күндері мектепте бітіру кешін жасауға тыйым салады. Мұның себебі де жоқ емес. Аталған күні түрлі оқиға жүзеге асып жатады. Ал түлектер мұндай сәт өмірде бір рет қана келетіндіктен, оны есте қалатындай етіп өткізгісі келеді. Сондықтан көпшілік мектеп бітіруші мен олардың ата-анасы мейрамхана жалдауды жөн көреді. Алматы мейрамханаларының бағасын зерделеп көрдік: бір адам үшін орташа баға 10 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болып шықты. Әдетте мейрамханаға оқушының өзі және оның әке-шешесі барады. Сонда бір отбасы 3 адамға төлейді. Егер орташа баға - 15 мың деп алсақ, отбасы үшін мейрамханаға 45 мың теңге кетеді.

Мұндай кешті жүргізетін тамада жалдау керек және шоу-бағдарлама қажет. Бұл шамамен 250-500 мың арасы. Оны орташа 400 мың деп алсақ және мерекелік кешке 100 түлек қатысты десек, әр отбасыдан шамамен 4 мың теңгеден шығады. 

Киім

Түлектердің киіміне біраз ақша кетеді. Біз барған сауда үйінде ұлдарға арналған костюм мен шалбарлар 60 мың шамасында, ал жейделер 15-25 мың шамасында болды. Туфли - 35 мың, белдік - 3-5 мың, галстук - 5 мың. Егер барлық затты алатын болса және ақша үнемдеп арзандау бағаға тапсаңыз, ұл балаға шамамен 100 мыңға жуық кетеді.

Ақ қыздардың көйлегіне келетін болсақ, көйлек түріне қарай баға да әртүрлі. Біз барған сауда үйінде мерекелік кешке арналған көйлектер 30 мыңға да, 60-70 мыңға да бар екенін байқадық. Көйлектерді жалға беретін жерлерде де шамамен осындай баға екен. Ал туфлилер 20 мыңнан басталады. Қыздар сондай-ақ қолдарына клатч немесе шағын сөмке ұстайды: мұндай сөмкелер шамамен 15 мың тұрады. Киім үлгісін толықтыру үшін әшекейлер керек. Әшекейлерге 5 мыңнан бастап 20 мыңға дейін кетуі мүмкін. Бұл бағаларға қарап, қыздардың киіміне де 100 мыңға жуық ақша кетуі мүмкін деген қорытындыға келдік.

Шаш үлгісі

Түлектер мектеп бітіру кешіне шаш үлгісін де жасатады. Әдетте ұлдар шаш қидыртады. Ол қала ішінде шамамен 5 мың теңге тұрады. Ал қыздар сұлулық салонына барып, көйлегіне үйлесімді етіп шаш үлгісін жасатады. Ол шаш ұзындығына қарай 5 мың - 15 мың арасы болуы мүмкін: оны орташа бағамен 7 мың деп алуды жөн санадық.

Макияж

Кез келген қыз мектеп бітіру кешіне макияжды сұлулық салонынан жасатқысы келеді. Алматының сұлулық салондары макияж үшін 5 мың-20 мың арасында сұрап тұр. Шамамен орташа баға - 10 мың деп алайық.

Сондай-ақ көпшілік қыз маникюр жасатады. Сұлулық салондарында маникюр жасап, қарапайым лак жағу шамамен 2500 теңге тұрса, гельді маникюр 5000 теңгеден басталады. Дизайн үшін қосымша ақы алынады.

Виньетка

Мектеппен қоштасайын деп отырған түлектер міндетті түрде виньеткаға суретке түседі. Бұл олар үшін ерекше естелік болып қалады. Фото-салондарда мектеп бітірушілерге арналған виньетка үшін 7 000 теңгеден 20 000 теңге аралығында сұрайды. Орташа 10 мың деп алып көрейік.

Қорытындыласақ, мейрамханаға оқушы ата-анасымен бірге барса - 45 мың теңге, тамада жалдауға - 4 мың теңге, киімге - 100 мың теңге, шашқа - 5 мың, виньеткаға 10 мың теңге кетті десек, 164 мың шығады. Ал қыздар макияж, маникюр және шаш үлгісін жасататындықтан, бұл сомадан 20 мыңға артық.Түлекке қажет заттар жоғарыда айтқан бағалардан арзан да, қымбат та болуы мүмкін екенін ұмытпайық. 

Петропавлда 95 жастағы зейнеткер әйелімен жанжалдасқан соң өзін жарып жіберген
«Мені құшақтай бастады»: Айтбек Амангелді куәгер Насырбековаға қатысты ойын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу