Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты

Oinet.kz 13-05-2024 567

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде екінші сотталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы – "Қылмысты жасыру" бойынша айыпталды. Оған 6 мың АЕК-ке дейін (2024 жылы 22,1 миллион теңге) айыппұл салу немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында судья шешім шығару үшін құрылған сұрақтарды алқабилерге оқыған еді. Алқабилерге арналған сұрақтар тізімінде 13 сұрақ болды. Оның 10-ы Бишімбаевқа қатысты, 3-і Байжановқа қатысты болған. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілген еді. 

Алқабилер тарапына қойылған сұрақтарға мыналар кірді:

  • Салтанат Нүкенованың 2022 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 9 қарашасына дейін денесінің және басының әр жерінен үнемі ұрып-соғу арқылы физикалық азап шеккені, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық азап шеккені дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетті Қуандық Бишімбаев жасағаны дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетке Бишімбаев кінәлі ме?

  • Жәбірленуші (Салтанат Нүкенова) Қуандық Бишімбаевпен бірге тұрған кезден бастап өз бетінше ақша табуды тоқтатып, материалдық тәуелділікте болғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкенованың Bau мейрамханасында бас-ми жарақаты субдуралды гематома салдарынан көз жұмғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкеноваға әдейілеп бірнеше рет соққы жасалғаны дәлелденді ме? Соққыны сотталушы Бишімбаевтың жасағаны дәлелденді ме?

Ұзақ күттірген Бишімбаевқа қатысы үкім шықты
«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыз?»: Байжанов сот залында үкіммен келіспейтінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу