«Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды»: Шет ел азаматымен отбасы құрған Карина Мамаш шындықты айтты

Oinet.kz 13-05-2024 6794

Желіде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісінің жұбайы Карина Мамаш отбасылық өмірде басынан өткен оқиғаларын бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Nukte" YouTube арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Карина Мамаш дипломатқа 17 жасында тұрмысқа шыққанын, күйеуі Бельгияда қызмет еткен кезде ғана бақытты болғанын жеткізді. 

"Онымен 15 жасымда "Мой мир" әлеуметтік желісінде танысқанмын. Ол маған хат жазды. Менің жеке парақшамда туған жылым, жасым жазылып тұрса да, мені 15 жастағы қыз емес, 18 жастағы бойжеткен деп ойлапты. Оған ғашық болдым. Екі рет келіп кездесіп, үшінші келгенде өзімен бірге мені алып кетті. Әуел баста анам аң-таң болды. Бірақ дипломат екенін білгенде келісімін берді. Күйеуімнің жасы өзімнен біршама үлкен. Кеше полиция бөліміне барғанда маған "Күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба?" деген сұрақ қойды. Бірақ мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Әкемнен тоғыз жасымда айырылғанмын. Спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім. Тек екі айдан кейін барып әкемнің жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын", – дейді ол.

Карина күйеуінің әртүрлі адамдар тобында ғана өзін басқаша ұстайтынын айтады. Бірақ достарының алдында әйелін емін-еркін қорлайды екен, өйткені достары да өз әйелдеріне солай қарайды.

“Олар үшін әйел – меншік. Бала ту, сонда ғана оларды қуанта аласың", – деп қосты келіншек.

Каринаның сөзінше, күйеуі алғашқы неке түнінен бастап қаталдық танытқан. 

"Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды. Маған "жат" деп қыр көрсетті. Оған 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Басында сөзбен, эмоциямен қыр көрсетті. Кейін ішіп, ұрып-соқты. Әрине, бақытты кездеріміз де болды. Маған ән айтып беретін. Әсіресе, Брюссельдегі бақытты шақтарымыз есімде. Ұшақта отырғанда маған "Енді ішпеймін, балаларымның өскенін көргім келеді" деген еді. Ол кезде үлкен ұлым екі айлық болған. Брюссельде жүріп, екінші балама жүкті болдым", – дейді Карина Мамаш.

Ол ұзақ уақыт бойы бұл қорлыққа неліктен шыдап келгенін де түсіндірді. 

"Мен оны сүйдім. Оның маған жасаған барлық істерінен кейін де сүйдім. Алайда оны бағаламады. Үнемі махаббат іздеп, ақыр соңында кету керек екенін түсіндім. 1 тамызда біз Астанаға келуіміз керек еді. Сол кезде онымен тыныш қана ажырасқым келді", – дейді Карина.

Карина Мамаштың айтуынша, күйеуі соңғы рет оны 3 мамырда ұрып-соққан. Айтуынша, күйеуі телефонын алып қойғандықтан, отбасымен байланыса алмаған. Содан кейін БАӘ-ге олардың үлкен әпкесі келген. Әпкесі күйеу баласынан Каринаны не үшін ұрып жатқанын сұрағанда, “Ол менің меншігім, не қаласам соны істеймін” деп жауап берген екен.

"Ол менің әйелім, қалағанымды істеймін. Бұл әрекетім үшін маған ештеңе болмайды” деді де басымнан қайта-қайта ұрды. Әсел бірден телефонын шығарып, видеоға түсірді. Ол әпкемнің телефонға түсіріп тұрғанын байқап, бірден оны соққының астына алды. Әсел "Карина, қаш! Көмек сұра!” деп айтты. Қызымды жаныма ертіп, дәлізге жүгіріп шықтым. Ол әпкемнің телефонын тартып алып, жатын бөлмесіне қамап, айғақтарды жойып, телефонын сындырды", – дейді Карина.

Карина Мамаштың сөзінше, бұл жағдай елдің имиджіне де әсер етті. 

"Бұл кезде сәтсіздікке ұшырағанымды түсінемін. Өйткені бұл елдің имиджіне қатты әсер етті. Елдің көп жылғы еңбегі зая кетті. Бірақ ол жерде маған бірдеңе болса, жазатайым оқиға ретінде жабылар еді", – деді Карина Мамаш. 

Карина Мамаш 10 жыл ұрып-соғып, қорлық көрсеткеннен кейін дипломат күйеуінің алғаш рет енді ғана кешірім сұрағаны айтты.

"Ол татуласқысы келді. Әрине, қызметінен, мәртебесінен айырылып қаламын ба деп қорықты. Содан кейін ғана кешірім сұрай бастады. Ол мені 10 жыл бойы ұрып-соғып, қорлаған кезде бірде-бір рет кешірім сұрамаған, ешқашан. Өйткені ол бәріне өзімді кінәлі етіп келді",  – деді Карина. 

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғатынын айтып, шағымданған еді. Әйел 10 жыл бойы зорлыққа шыдап келе жатқанын жеткізген. Ол өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұраған еді. 

Астана полициясы дипломат күйеуінен зәбір көргенін айтқан қазақстандық Карина Мамаштың ісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысында судя алқабилерге шешім шығаруға арналған сұрақтарды қойды
Астанада мүгедектігі бар такси жүргізушісін балағаттаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу