«Салтанатпен кездескен сәттерімді еске алдым»: Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

Oinet.kz 06-05-2024 892

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_33.jpg

Оның сөзінше, өзіне тағылып отырған жаңа айыпта қылмысты жасыруға қатысқаны, дәлелдерді тыққаны айтылады. Алайда ол бұған дейін айтқанындай Салтанат қайтыс болғанын білмегенін мәлімдеді.

"Мейрамхана жабылғанын, қызметкерлер таратылғанын ешқашан жоққа шығарған жоқпын. Видеоларды өшіруді тапсырдым. Шынында да, мұның бәрі - болған жайттар. Тергеудің басынан бастап мұның бәрі қашан, кім арқылы жасалғанын айттым. Бірақ осы жерде маңызды бір сұрақ бар: сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын, бұл Салтанаттың өмірден өтуіне себеп болғанын білдім бе? Білмедім деп ант-су іше аламын. Білсем оның бірін де істемес едім. Тіпті түсінбедім. Оған қоса жасаған істерім қылмысты жасыру деп есептелетінін де білмедім. Сұмдық қылмыстың іздерін жасыруға саналы түрде көмектескен болсам, өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешіре алмас едім. ...Осы уақыт ішінде Салтанатпен кездескен сәттерімді еске алдым. Тірі болса жақындарына махаббаты мен мейірімін көрсетер еді деп ойладым. Ол өте шынайы, мейірімді жан болды. Бүгінде оның отбасының басына түскен ауыр қайғыны ешқандай сөзбен жеңілдете алмайсың. Бірақ осы қайғыны сейілтуге мүмкіндік болса, жаза арқалауға дайынмын. Тағы бір мәрте Салтанаттың отбасына, жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Кешірім сұраймын. Салтанаттың жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын, иманы саламат болсын!" - деді ол.

Өгей әке 3 жасар қызды соққыға жығып, итпен бірге үйшікте түнеткен
«Жақсы әке адамды өлтірмейді ғой»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі 14 жыл некеге қалай шыдағанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу