Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта мәлімдеме жасады

Oinet.kz 03-05-2024 512

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева сот жарыссөздерінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Альмира Бишімбаева ұлы өзі жасаған қылмыс үшін ғана жазалануы керегін айтады. 

"Жәбірленуші тараптың адвокаты сөз сөйлеген кезде ұлымды негатив тұрғыда сипаттады. Бұл алқабилерге жасалған қысым деп есептеймін. Одан бөлек, жәбірленуші тараптың адвокаты Қуандықты қоғам паразиті деп атап, ескі Қазақстанның өкілі деп атап, менің ұлым елді 30 жылдан аса уақыт басқарған шенеуніктер үшін жазалануы керек деп есептейтінін айтты. 

Кешегі жарыссөзде жәбірленуші тарап бұл процес оны қарап отырғандарға және Қазақстанның элитасына сабақ болсын деді. Яғни жәбірленуші тарап әділ жолмен емес, елді 30 жылдан аса уақыт басқарған ескі Қазақстан өкілдеріне сабақ болсын деп, алқабилерге тек үкімді емес, үгіт-насихат және саяси функцияны жүктеп қойды. Мен тек бір нәрсені сұраймын: бүкіл қоғамның дертін бір адамға - менің ұлым Қуандыққа ысырып қоймасаңыздар екен деймін. Иә, ол кінәлі, үлкен қате жасады", - дейді Альмира Бишімбаева.  

Бишімбаевтың анасы қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

"Барлық аналардан, барлық қыздар мен арулардан ұлым Қуандық үшін кешірім сұраймын. Мені де кешіріңіздер. Маған өте ауыр. Салтанат қаза тапқан күннен бері маған оңай емес. Мен ең алдымен Салтанаттың анасы мен әкесінен, жақындарынан кешірім сұраймын", - дейді Альмира Бишімбаева.  

86 жастағы зейнеткер алғашқы махаббатына үйленді
Гаджетке қараудан қолы босамайтын ұрпақтан интеллектуалдар шықпайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу