«Анасымен сөзге келген»: Ақтөбе облысында мектеп оқушысы суицид жасады

Oinet.kz 30-04-2024 1121

9-сынып оқушысының суицидке бару себебі әзірге нақты белгісіз. Бала сол күні “көп уақыт өткізесің” деп телефонын алып қойған анасымен сөзге келген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Қайғылы оқиға 24 сәуір күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында болды. Оқушының денесі сол күні кешкі уақытта сарайда асылып қалған күйде табылды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған дейін мектеп қызметкерлері әкесіне хабарласып, баласының сабақ оқымайтынына шағымданған. Көрші елде іссапарда жүрген әкесі балаға ұрысқан болуы мүмкін. 

Ақтөбе облыстық білім басқармасы жасөспірімнің анасымен арада сөзге келу жағдайы болғанын айтты. 

“Мектеп директорының аудандық білім бөліміне  жіберген хабарламасы бойынша, бала таңертең анасымен сөзге келіп, анасы оның телефонын алып қойған. Анасының айтуынша, кейінгі екі күн көп ұйықтайтын болған. Телефонда көп уақыт өткізген, ол туралы анасы ешкімге айтпаған”, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы. 

Өзіне-өзі қол жұмсаған жасөспірім толыққанды отбасында тәрбиеленген. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

“24 сәуір күні кешкілік уақытта Шәмші Қалдаяқов ауылында 2010 жылы туған 9-сынып оқушысының асылған түрде денесі табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Салтанат Нүкенованың бейкүнә жастық шағындағы фотолары елді жылатты (фото)
Ақмола облысында әйел асырап алған баласын азаптап өлтірді деген күдікпен қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу