«Мұғалім ата-аналарды мәжбүрлеп жатыр»: Оқушылар мен ата-аналарға мұғалімдер тарапынан қысым болған

Oinet.kz 30-04-2024 1123

Желіде мұғалімдерді пост жазуға мәжбүрлеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Айтуларынша, оларға соңғы қоңыраудың өтпейтіні туралы шешімді қолдап пікір қалдыру талап етілген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Желі қолданушыларының бірі депутат Дәулет Мұқаевқа назын жеткізді. Депутат бұл хатты өз парақшасына жариялады.

“Соңғы қоңырау болмайды деп хабарланды. Енді жоғарыдан сол бұйрықты қолдайтынымызды айтып, Instagram-парақшаға пост салуымызды талап етіп жатыр. Сонымен бірге ата-аналардан пікір алсын дейді. Енді не істейміз? Қай ата-ана келіседі деп ойлайсыз? Әлбетте мектепте баласы оқитын мұғалім ата-аналарды мәжбүрлеп жатыр”, – деп жазған желі қолданушысы. 

Мұқаев хатты жіберген адамның есімін жасырын қалдырыпты. Алайда пост астына қалдырылған пікірде бірнеше мұғалім осы мәселеге тап болғандарын жарыса жазды. 

Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігіне қоңырау шалды. Министрлік хатты жіберуші адамның қай облыстан және кімдер екенін анықтауды сұрады. Бірақ мұндай тапсырма болған-болмағанына қатысты сауалымызға жауап бермеді.

Еске салсақ, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі су тасқынына байланысты мектептерде соңғы қоңырау өтпейтінін хабарлаған еді.

Бар күзетшісі зорлаған алматылық әйел: «Үкімге ризамын»
Салтанат Нүкенованың бейкүнә жастық шағындағы фотолары елді жылатты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу