Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен күдікке алынған Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева алғаш рет көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында ол келіні туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол ресейлік психолог Наталья Грейске берген сұхбатында мәлімдеді.
"Салтанат астрологиямен айналысты. Бірақ айналамызда астрологтар көп. Олар немен айналысатынын, қанша табатынын білмеймін. Оның басқа мамандығы болмады. Қуандық оған ай сайын ақша жіберіп отырды. Айына шамамен 4-5 миллион теңге беретін. Ақшаны оған Қуандық өзінің банк шотынан, Байжановтың шотынан жіберіп отырды. Қуандық оны екеуі үйленгелі бері асырап келді" - деді Альмира Бишімбаева.