Алматыда тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстарын жүргізген азамат 13 жасар қызды зорлап кетті

Oinet.kz 22-04-2024 1371

Алматыда "Комфорт сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген азамат, 13 жасар қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Kozachkov_offside Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 20 сәуірде орын алған. Тұрғындар жағдайдан соң шу шығарып, ақ жейделі жігіттен күдіктеніп, оны өздері іздей бастаған.

“Болжам бойынша, ол пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал қылмыс көлік тұрағында жасалса керек”, – делінген жазбада. 

Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрап көрді.

“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда”, – полиция департаменті. 

Хиджаб киген әйелін емдемек болған еркек дәрігерді оның күйеуі сабап тастады (видео)
Оралды қорғау үшін БҚО-ға тағы 500 әскери мен құтқарушы барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу