«Мен де ашулана бастадым»: Бишімбаев сотта қайғылы жағдай орын алған күн жайлы айтып берді

Oinet.kz 03-04-2024 1136

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сотталушы ресторандардың бірінде әйелінің өлі денесі табылған күннің қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Оның айтуынша, Салтанат екеуі Орталық концерт залында өтетін Дима Биланның концертіне көйлек сатып алуға барған. Сосын концерттің өзіне барған және сол жерде екеуінің арасындағы жанжал басталған.

“Биланның концертіне Салтанаттың құрбысы Аида шақырды. Салтанаттың киімдері Павлодарда қалғандықтан, ол біраз қобалжи бастады. Ол маған бірнеше киім көрсетті, маған олар да ұнамады. Дүкенге барып киім алуды ұсындым. Сағат 12-13.00-де біз Talan Towers-ке аттандық. Шалбар мен костюм оған әрқашан жарасады. Мен “алаңдамау үшін бірнеше костюм ал” деп айттым. Оның көңілінен шығу маған әрқашан қуаныш сыйлайтын”, – дейді Бишімбаев сотта.

Экс-министрдің сөзінше, ол әйеліне кешкі жетіде келіп, ары қарай концертке барамыз деп келіскен. Күдікті кешке келгенде әйелі құрбысымен бірге келгенін және олардың мас болғанын айтады.

“Бәрі жақсы өтіп жатты. Содан кейін алдымнан құрбым шығып қалып, бетімнен сүйіп амандасты. Ілтипат ретінде мен де бетінен сүйдім. Сол кезден бастап Салта қобалжи бастады, біз сырт киімімізді шешіп ал залға барар жолда Салта мен оның құрбысы қайтадан шампанға тапсырыс беруді өтінді. Мен мейрамханаға қоңырау шалып, үш қағаз стақан шампан сұрадым. Мұның бәрін жеткізем дегенше және мені тапқанша біраз уақыт өтті. Ал мен 40 минут күткеніме сәл ренжідім. Тоңып қалдым. Стақанның бірін өзіме алып, қалғанын Салта мен құрбысына бердім. Сосын біз отырдық, концерт жүріп жатыр. Мен концертте қалғым келмеді, маған Дима Билан ұнамайды, менің ойым бөлініп кете берді”, – дейді Бишімбаев.

Сотталушының сөзінше, оның кеткесі келетіні әйеліне ұнамаған. “Сосын мен: жарайды, соңына дейін қаламын дедім” – дейді күдікті.

Экс-министр осы сәтте әйелінің орнынан атып тұрып, кетіп қалғанын айтады. “Егер қарағың келмесе, кеттік деді ол”.

“Салта “Аиданың көзінше мені масқара қылдың” деп жоғары дауыспен сөйлей бастады. Мен сені қалай масқара қылдым деп таңқалдым. Оған сөйлесейік, концертке қайта барайық деп ұсыныс жасадым. Ал ол жоғары дауыспен айқайлай бастағанда мен де ашулана бастадым. Сен өз-өзіңді масқара қылдың деп мен де оталып кеттім. Біз қатты ұрыса бастадық. Біз гардеробқа келгенде ол әмияннан нөмірді таба алмады. Ол киімін алмай-ақ кетуге ұйғарды, мен оның иығына курткамды жаптым. Мен концертке қайта оралуды ұсындым бірақ ол “кеткісі келетінін, ағасына барғысы келетінін айтты", – дейді Бишімбаев.

Сотталушы осы сәтте әйелінен “қайда бара жатырмыз” деп сұрағанын және ол “Мәскеу бизнес орталығына барып, такси шақыратынын” айтқан. Бірақ сөзінше әйелі "Мәскеуге" жетіп, ары қарай "Гастроцентрге" бет алған. “Осыдан мен оның өз әрекетіне күмәнданады деген қорытындыға келдім” – дейді сотталушы.

“Біз мейрамханаға кіріп, жоғары көтерілдік. Ол: VIP бөлмеде сөйлесейік деп ұсынды. Біз бесінші VIP бөлмесіне барып, үстел басына жайғастық. “Неге қобалжыдың деп сұрадым. Сен енді мұндай әрекетке бармаймын деп уәде беріп едің ғой”. Біз бір бөтелке шампанға тапсырыс бердік. Біз отырдық, іштік, мен оны тыңдап ғана отырдым. Біз VIP бөлмеге шамамен 21:30 - 21:40 кірдік. Мен оның шағымдарын үш сағат бойы тыңдадым. Менсіз Түркияға кеттің, басқа әйелдерді шақырдың, мені Алматыға қуып жібердің. Үнсіз ғана тыңдадым, сөйлеп, тынышталсын деп ойладым..." – дейді Бишімбаев.

Жауап алу барысында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотталушыдан істің мәніне қатысты оқиғаларды баяндауды талап етті. Бірақ Бишімбаев оның сөзін бөлмеуді өтінді.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотталушының адвокаты сотқа БАҚ-қа қатысты арыз түсірген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Спортивный Казахстан
Солтүстіктегі тасқынмен күресуге келген оңтүстікқазақстандық құтқарушының жүрегі тоқтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу