Ақтауда жас сарбаздардың басынан ағаш дубинкамен ұрған командир жазадан құтылып кетті
Ақтауда командир жаңадан келген сарбаздың басынан отырғышпен ұрған. Сондай-ақ ол әскерге шақырылғандардың басынан таяқпен ұрған. Зардап шеккен әскерилер командирін кешіріп, оған қатысты қылмыстық іс сотта тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ақтауда орналасқан 25744 әскери бөлімінің әскери қызметкері қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған.
"Мысалы ол жаңадан келгендерді жинап, біреуінің басынан ағаш дубинкамен ұрған. Жас сарбаз командирдің тегін дұрыс айтпай, бірнеше соққы алған. Басқа да сарбаздарды дубинкамен ұрған", - делінген материалда.
Тағы бір оқиғада әскери қызметкер сапқа кешігіп сарбаздың бетінен ұрып жіберген. Оны да басынан отырғышпен ұрып жіберген. Бірнеше соққы жеген сарбаз басынан ұстап отырып қалған, алайда командир мұнымен тоқтамай, ұруын жалғастырған. Тағы бір сарбаздың тісін қағып алған.
"Ең қызығы алда. Тергеу барысында бес сарбаз жәбірленуші деп танылған. Бірақ олар командирге кешірім беріп, екі жақ келіскені туралы арыз жазған. Айыпталушының өзі кінәсін мойындап, жәбірленуші тараппен келісімге келгенін айтқан", - деп жазылған материалда.
Нәтижесінде Ақтөбе гарнизоны Әскери соты тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатқан. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.