«Америкалық кинодағыдай»: Шымкенттік полицей халықтың ықыласына бөленді

Oinet.kz 09-02-2024 334

Кадрларда – патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Тауби Ысқақов. Полиция қызметкерінің жол қозғалысын реттеу дағдылары әлеуметтік желі қолданушыларын таңдандырды.

Screenshot_9.jpg

Видеоны TikTok қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Ол көлікте кетіп бара жатып қызмет атқару барысындағы офицерді телефон камерасына түсіріп алған. Жарияланым авторы реттеушінің белгі беру кезіндегі қозғалыстарына тәнті болған. «Мына полицей ағам американдық кинодағыдай қозғалады екен, айқын» , – деп ойын білдірді ер адам.

Бейнежазбамен қоғамдық парақшалар да бөлісіп, ол көптеген қаралым мен оң пікірлер жинады.

«Жұмысын сүйіп істейтіні көрініп тұр»,» Білімі бар адам деген осы»,»Барлығы осындай болса ғой»,»Өз ісіне адал қарайтын азамат»,»Робот сияқты анық қимылдайды екен» деген сынды пікірлермен бөліскен желі қолданушылары.

Ал, Таубидің ойынша, аталған видеода ерекше ештеңе жоқ.

– Мен тек өз жұмысымды орындадым. Жол қозғалысын ережеге сәйкес реттедім, – дейді инспектор. – Бұл 1 ақпан күні еді. Біз патрульдейтін аумақтағы көше қиылысында бағдаршам істен шықты. Көлік кептелісі мен оқыс оқиғаны болдырмау үшін дереу қозғалысты реттеуге кірістім. Әлбетте, бұл сәтте мені біреу камераға түсіруі мүмкін екені ойыма келмеген», –  деп есіне алды ол.

Бір ерекшелігі, инспектор Ысқақов ішкі істер органдарындағы қызметін жол полициясында бастаған және 12 жыл бойы дәл осы бөлімшеде қызмет атқарып келеді.

Полицейдің айтуынша, кез келген жұмыста шынайы қызығушылық пен оны мінсіз және сапалы орындауға деген ынта маңызды.


Универсальный казахстанский футболист перейдёт в российский клуб
«Арызданды, бірақ өтініші бей-жай қалды» - Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан ер адамның әкесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу