Ақтөбеде 17 жастағы қыз жоғалып кетті
Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қыз бала 1 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеуде, ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған", - деп жазылған хабарламада.
Жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көзі үлкен, ерні қалың, қасы доға тәрізді қалың. Үстіне қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік киген. Ерекше белгілері жоқ.
Қандайда бір ақпарат болса азматтар 102 немесе 8776-546-66-66 телефондарына хабарласуы керек.