«Басың екеу емес»: Антикордың бұрынғы қызметкері мемлекеттен қысым көргенін айтты
"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қызмет еткен жылдарын еске алды. Ол бірінші президенттің отбасына қатысты дүниелер өздері үшін жабық тақырып болғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дидар Смағұлов бұрынғы қызметіндегі қиындықтар мен кедергілер туралы баяндады.
“Көз жұма сал, бұл тақырыпты көтерме, бірінші президенттің отбасына қатысты мәселелерге мүлде қарамаңдар, ешқандай сұрақ қоймаңдар, басың екеу емес” деген секілді біз үшін жабық тақырыптар болды. Еліміздегі бүкіл құқық қорғану органдарына “Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына жақындамаңдар, оның отбасын тергеу туралы ойларыңа да келмесін” деген тапсырма берілді ”, – дейді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов.
Ол мемлекеттік қызметте жүріп қысым көргенін де жасырмады.
“Астана Нұрсұлтан болғанда мен әлеуметтік желіде жазба жариялап, қарсылық білдірген едім. Соған байланысты қысым көрдім. “Неге жазасың? Оппозиционер екенсің. Сенімен жүрск бәлеге қаламыз” деп кейбір әріптестерім менімен амандаспай қойды. Бірақ бұл менің жеке пікірім еді. Олар менімен амандасып, араласса бастықтар өздерін де мен секілді оппозиционер деп ойлап, “жұмыс бермейді, көтермей қояды” деп қорықты. Өкінішке қарай, мемелекеттік қызметте әлі күнге дейін осындай көзқарастар бар. Бірақ мен әріптстеріме еш ренжіген жоқпын. Оларды түсіндім”, – дейді Дидар Смағұлов.