Атыраудағы қайғылы оқиға: 3 айлық сәби қайтыс болды
Атырауда тұрғын үйде газ ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқан еді. Оқиға кезінде зардап шеккен 3 айлық сәби аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azh.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2 қаңтарда болды. Газ жарылысынан үйдің қабырғасы опырылып, ол өртке ұласты. Оқиға кезінде үй ішінде бір отбасының бес адамы болған. Олардың барлығы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Кейін отбасының екі мүшесі, яғни 1965 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел ауруханада көз жұмды.